ШҚО-да NEET санатындағы жастар арасынан 1000 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

181
көрілім

Сәуір айының18-і күні «AMANAT» партиясының облыс бойынша филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Кеңестің отырысында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ол жерде жастарды жұмысқа қабылдау және «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы» мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер бойынша баяндамашылар Шығыс Қазақстан облысының еңбек мобильділігі орталығының директоры Әсел Қайырбекова Әсел,  Шығыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбеков, шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Шакерова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелеу бөлімінің бас менеджері Дәурен Ахметов.
- Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарына жастарды жұмысқа орналастыру осы жылдың 1 маусымынан басталады. Облыстың барлық қалалары мен аудандарында студенттер, мектеп оқушылары, жұмыссыз жастар, мүмкіндігі шектеулі жастар, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде есепте тұрған жастар және NEET санатындағы жастар арасынан 16 мен 35 жас аралығындағы 1000 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда, - деді қатысушылар.


«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту business.enbek.kz порталында онлайн-форматта жүзеге асырылады. Онлайн оқыту курсының ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап күнтізбелік 14 күн. Оқуды аяқтау туралы сертификат оны алған күннен бастап үш жыл бойы жарамды. Оқуды тоқтатқан немесе қорытынды тестілеуден өтпеген адамға күнтізбелік жыл ішінде 2 реттен артық емес онлайн оқытуға қайта қатысу мүмкіндігі беріледі.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды сәтті аяқтаған жас кәсіпкерлер және жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын тұлғалар өз бизнесін жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алады. Бұдан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларын іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алуға үміткер бола алады.