ШҚО-да паром қызметі тоқтатылады

2107
көрілім
Фото: inbusiness.kz сайтынан

28 желтоқсаннан бастап Бұқтырма су қоймасында «Ертіс» және «Күршім» паромдары жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «Қызыл ту» ( Казнаковская) паром өткелінің жұмысын тоқтататынын мәлім етті.
- Қазіргі уақытта мұз үстінде көлік қозғалысына тыйым салынған. Мұзға шығу қауіпсіз болған кезде мұз өткелі ашылады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.