ШҚО-да полицейлер жыл басынан бері 100 келіден астам есірткі тәркіледі

359
көрілім
Шартты фотосурет

Өңірде тәртіп сақшылары жыл басынан бері 100 келіден астам есірткі тәркілеген, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтау мақсатында тиісті шараларды атқаруда.

– 2020 жылдың бірінші тоқсанында есірткіге байланысты 176 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 63 факті сатуға, 5-і ірі көлемде сақтауға қатысты болған. Наурыз айында 44 келіден астам марихуана мен 2 келі гашишті тасымалдаған Семей қаласының 3 тұрғыны қамауға алынды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз айналымдағы 104 келі есірткі мен психотроптық заттар тәркіленген.