ШҚО-да «Протон-2019» арнайы оқу-жаттығу өтті

325
көрілім

Шемонаиха ауданында зымырантасығыштың құлау салдарының алдын алу шараларын пысықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқу-жаттығу жоспары бойынша ШҚО ТЖД мамандарына «Протон-М» зымыранын ұшыру кезінде оның құлау оқиғасы орын алғанын хабарлайды. Мақсаты – арнайы мамандардың жылдам әрі дұрыс, ережеге сай әрекет етуі.

– Оқиға орнына жедел әрекет ету тобы жетеді. Зымырантасығыштың құлау орны қоршалып, тұрғындар мен жануарларды қауіпті аймақтан эвакуациялайды. Келіп жеткен өрт сөндіру жасақтары өрт ошағын сөндіріп, гептил бұлтының таралып кетпеу шараларын жасады, – дейді ШҚО ТЖД мамандары оқу-жаттығу кезінде.