ШҚО-да спорттық нысандардың құрылысы неге бітпей жатыр? – Антикор басшысы жауап берді

86
көрілім
Фотосурет автордікі

Өңір тұрғындары Марқакөл, Катонқарағай аудандарындағы спорт кешендеріне қатысты сауалдарын жиі қойып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшылығының ақпаратынша, жұмыстың соңына дейін жетпеуіне бірнеше жайт себеп болуы мүмкін.
– Құрылысы аяқсыз қалған нысандар республика деңгейінде бақылауда тұр. Олардың барлығы аудандар үшін, тұрғындар үшін әлеуметтік маңызға ие. Бос жүрген жастарға да уақытты тиімді өткізуге таптырмас мүмкіндік. Ал сол жұмыстың дер кезінде бітпеуінің бірнеше себебі бар. Бір жерде мердігер қателесті, бір жерде бөлінген қаржыны дұрыс қолданбай жатса, кейде ауа райы кедергі келтіреді. Одан бөлек, көршілес елдерден құрылыс материалдарының жеткізілмеуі жағдайды қиындатады. Бақылауымыздағы нысандар шамамен 80 пайызға дайын. Келісілген уақытты создырып жатқандары рас. Қазіргі уақытта біз шара қолданудың жаңа сатысына өттік. Мәселен, осыған дейін жұмысты аяқтауға қосымша уақыт беріліп, бірден қылмыстық іс қозғалатын. Қазір кемшілік бар тұстарды анықтап, оның заң аясында шешілуін басшылыққа аламыз, – деді Департамент басшысы Денис Шакенов.
Әділхан ЕСІМХАНОВ