ШҚО-да су тасқыны облыстық маңызы бар жолдарға қалай әсер етуде?

157
көрілім
Фотосурет ШҚО ТЖД

«ОблШығыс Жол» ЖШС-нің Жол қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Ришат Күдербаев өңір жолдарында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша іске асырылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарладйы Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тарбағатай ауданы
Жауапты тұлғаның мәліметінше, Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылы бойынша бірнеше қозғалыс жолы бақылауда тұр. 30-124 км «Ақсуат-Бакей-Қарасу-Ақжар – «М-38 Омбы-Майқапшағай» тасжолында d=1,5 м су өткізгіш құбыр еріген судың үлкен көлеміне төтеп бере алмады. Су құбыр үстінен өтіп, жол мен жағалауды шайып кетті. Қазіргі уақытта су өткізгіш құбыр реттеліп, жол қозғалысы қайта ашылды.
Ал кей аймақтарда су өткізетін құбырлар жоқ. Жол жиегіне су толып, шайылған. Дегенмен жолға зақым келмеді. Су деңгейі төмендеді.
43+250 км аумағында да су өткізетін құбырдың жоқтығынан еріген су жиналып, жолдың ұзындығы 300 м құрайтын тасқын болды. Судың жолды толық басып кетпеуі үшін оны  эксковатормен ашу жұмыстары жүрігізілді. Қазір бұл аумақта жол жүру қамтамасыз етілген.
0-12 км Қарасу-«М-38 Омбы-Майқапшағай» тас жолында да су өткізетін құбыр жоқ. Еріген судың жиналуы Ақ мектеп ауылын су басу қаупіне әкелді. Осыған байланысты су өткізу үшін жолды экскаватормен ашу туралы шешім қабылданды. Негізгі су көлемін өткізгеннен кейін бұл аумаққа d = 1 м, ұзындығы 5 м уақытша құбыр орнатылды. Тас жолы көлік қозғалысы үшін қайта ашылды.
Мәліметке сай, аталған аумақта судың алдын алу үшін 18 адам жұмылдырылып, 10 техника құралы қолданылды.

Күршім мен Самар ауданы
Күршім ауданы, Күршім ауылына тиесілі тас жолында да су тасқыны болды.
0-47 км Күршім-Қалжыр» а/ж.-Ақсуат аумағында жолдың екі жағына су жиналып, жолды су басты. Жолға 1 м биіктікте құм себу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні 600м толтырылып, жұмыс жалғасуда. 7 техника құралы жұмылдырылды.
Самар ауданы бойынша «Көкпекті-Самар» тас жолы қазіргі таңда бақылауда. Аққала ауылы арқылы өтетін бұл учаскеде су өткізетін құбыр жоқ. Еріген судың көп жиналуынан  ұзындығы 150 м болатын жол тасқыны болды.Судың өтуі үшін жолды экскаватормен ашу қолға алынды. Тасқын су деңгейі төмендеген соң  уақытша құбыр орнатылады. Қазіргі таңда айналма жол арқылы өтуге болады.
43+100 км учаскесінде d=1,5 м құрайтын су құбыры төтенше жағдайға төтеп бере алмады. Уақытша құбыр орнату және жолды себу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы алғанда, «ОблШығысЖол» ЖШС облыстық маңызы бар 1581,5 км жолға қызмет көрсетеді. Оның ішінде: су өткізгіш құбырлар – 1627 дана, оның 1627 дана 100% тазартылды; көпірлер – 85 дана, оның 85 дана 100%. тазартылды.
– Қардың белсенді еруі, еріген және тасқын сулардың пайда болуы кезеңінде жолдар мен жол жиектерін қардан тазарту, көпірлер мен су өткізгіш құбырларды дайындау, инертті материалдарды сатып алу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде жедел шаралар қабылдау үшін адамдармен және арнайы техникамен қамтамасыз етілген жедел әрекет ету отряды құрылды, – деді жиын барысында «ОблШығыс Жол» ЖШС-нің Жол қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Ришат Еділұлы.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, «Өскемен-Тарғын-Самар», «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное», «Көкпекті-Самар-Васильевская», Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралиха», «КФ-25 Күршім-Қалжыр»-Ақ-бұлақ-Қараой-Ашалы» 77 км, «Теректі-Урунхайка-Төсқайың» тасжолдарында  су тасқынының алдын алу үшін су өткізгіш құбырларды орнату және жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Күршім-Қалжыр-Бурабай-Маралды» автожолындағы шағын көпір жөндеуден өткен.
***
Бүгінде еріген су жол жиегінен асып түсетін аумақтарда шатырлар, арнайы техникалар арқылы суды трасса арқылы ағызу, су бағыттаушы бөгеттерді салу бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде.
Жол бойын тасқын су алған аумақтарда келесі жұмыстар жүргізілуде:
- 9-10 км «Тарханка-Топиха» – арнайы техниканы қолдану арқылы су шығару;
- Новотроицкое ауылына кіреберіс 18 км аумақ – жағалауды құм сеуіп толтыру аяқталды;
- 41 км «Күршім-Қалжыр»-Бурабай-Маралиха - су шығару үшін d=0,8 м, L= 6м уақытша құбыр орнатылды;
- 7 км «Күршім-Қалжыр»-Ақсуат автожолы – су шығару үшін уақытша бір нүктелі d=1м, L=10м құбыр орнатылды.
Төмендегі тас жолдарындағы су өткізгіштерде көктайғақпен күресу жұмыстары жүргізілді:
- 26. 30 км «Үлкен Нарын-Күршім» автожолы;
- 14, 19 км «Октябрь өткелі-Алтайка-Ново-Хайрузовка» автожолы;
- 92,9 3 км «М-38 Омбы-Майқапшағай»-Шілікті-Ақжар» автожолы.
Сонымен қатар, су өткізгіш құбырларда мұзға қарсы пайдалану үшін 30 тонна техникалық тұз сатып алынды.
Ришат Күдербаев өңірдегі облыстық маңызы бар көлік жолдарында көктемгі тасқын суының өтуіне жолдар мен жол құрылыстарын дайындау мәселесі тұрақты бақылауда тұрғанын айтты.
Аянат МҰРАТБЕКҚЫЗЫ