ШҚО-да су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр

167
көрілім

Ресми ақпаратқа сүйенсек, өңірде өзендерді мұздан ашу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өзендерде мұз кептелістерін азайту үшін жалпы ауданы 221596 м. шаршы метрді құрайтын 17 жарылыс жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта еріген суларды өткізу және өзендердегі кептелістерден өту бойынша мониторинг жүргізілуде.


   - Аймақта қала мен аудандардың әкімдіктері су тасқынына дайындық барысында ұзындығы 135 км 72 канал, ұзындығы 376 км 448 арық, темір жолдарда 277 көпірді тазарту жұмысын жүргізген. Сондай-ақ 369 мың текше метр қар шығарылды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 334 су өткізу құрылыстары, 85 көпір, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында - 1588 су өткізу құрылыстары, 85 көпір тазартылды, - делінген мәліметте.


    Алтай ауданы мен Күршім ауданы бойынша жоғарыда көрсетілген іс-шараларды өткізуге Қазақстан Республикасы ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.
    Жағдай ушықса жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері құралымдарының күштері мен құралдары топтастырылмақ. Нақты айтсақ: 2270 адам, 732 бірлік техника, 61 жүзу құралы, 234 бірлік мотопомпа, сондай-ақ қосымша ҚР ҰҰ әскери бөлімдерінің, Шекара қызметі департаментінің және полиция департаментінің қызметкерлерінен 1379 адам және 55 бірлік техника жұмылдырылады.