ШҚО-да төрт ауданның жер аумағы белгілі болды

167
көрілім

Бұл туралы мәлімет кезекті облыстық мәслихат сессиясы  кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дәулет Сарманов 2023 жылы Мемлекет басшылығы тарапынан Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарын қайта құру туралы шешім шығарылғанын жеткізді. Соған сәйкес облыс басшылығындағылар аудандардың шекаралық аумағын бекіту мәселесін қарады.
- Катонқарағай ауданының аумағы - 940 мың гектар, Үлкен Нарын ауданы - 378 мың га, Күршім ауданы - 1 млн 217 мың га және Марқакөл ауданы 1 млн 110 мың гектар болып бекітілді, - деді Дәулет Сарманов.

Әділхан ЕСІМХАНОВ