ШҚО-да төтенше жағдай кезінде 1356 адамға қатысты әкімшілік іс қаралды

329
көрілім
Фотосурет Петропавловск.kz сайтынан

Аймақта төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын бұзған 1356 адамға қатысты әкімшілік іс қаралған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ТЖ режимі жарияланғаннан бері өңір полицейлері көшелерді патрульдеп, бірнеше мәрте рейд жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде шектеулерді сақтамаған тұрғындар анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

– Жалпы өңірімізде ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 1356 және және 479-бабына (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер)қатысты 17 әкімшілік іс қаралды. Сот 845 адамға ескерту жасаса, 284 адамға 10-40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ 227 адам қамауға алынған, - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.