ШҚО-да тұман түседі

413
көрілім

Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел желдің жылдамдығы 5-20 м/с жетеді, түнде және таңертең Жамбыл облысында тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп болжауда.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік күтіледі.