ШҚО-да тұман түседі

266
көрілім
Шартты фотосурет

Республика аумағының басым бөлігінің ауа райы антициклонмен анықталады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің солтүстігі мен оңтүстігінде фронталды бөліктердің әсерінен қар жауады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстігінде - желдің күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы күтіледі, Түркістан, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.