ШҚО-да Ұлттық ұланның тіл мамандары әдеби – музыкалық кеш өткізді

524
көрілім

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде Қазақстан халқының тілдері күні аясында «Тілге құрмет-елге құрмет» атты әдеби – музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының тілдері мен ұлттық мәдениетінің байлығын, бірлігі мен ынтымақтастығын паш ету. Әдеби – музыкалық кешке қазақ, белорусь, украин, орыс және корей этномәдени орталықтарының өкілдері, өңірлік қолбасшылық басқармасы, Өскемендегі 5518, 6699, 3477 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қатысты.

Тілдер күні — достықтың, туыстастықтың және еліміздің барлық азаматтарының бірлігі мейрамы. Халықтар достығы, өзара түсінушілік және ынтымақтастық – Қазақстанның ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты тірегі. Біздің елімізде 130 астам ұлт пен ұлыс өкілдері ел игілігі үшін еңбек етіп, келісімде өмір сүруде.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде түрлі ұлт өкілдері қызмет атқаруда, олар өздерінің әскери қызметке деген саналы көзқарастарымен елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне өз үлестерін қосып келеді.