ШҚО-да жаңа «АвтоЦон» салынады

353
көрілім
Фото kaznet.me сайтынан алынды

Шілде айының басынан бері Өскемендегі «АвтоЦонда» болып жатқан келеңсіз жайттар бұдан былай түпкілікті шешімін таппақ. Бұл туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет департаменті басшысы міндетін атқарушы Қайрат Сапарғалиев айтып өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғаның айтуынша, құрылыс Самар тасжолы бойында жүргізіледі. Бюджет көлемі белгіленген соң таяу арада құрылыс жұмысы қолға алынбақ. Жаңа «АвтоЦон» ашылған соң біршама мәселелер шешімін таппақ.

– Бұл нысан шамамен 2020 жылға қарай ашылуы ықимал. Қазір кезек саны ұлғаймас үшін қосымша пункт те аштық. Жұрт түрлі мәселелер бойынша Қазақстан көшесі 159/4 мекенжайына баруына болады. Онда жүргізуші куәлігін алу, автокөлікті тіркеуге қою сынды қызмет түрлері көрсетіледі, – деді Қайрат Нұрғазыұлы.

Бұл пікірді Өскемен қалалық мәслихат депутаты Станислав Каримов те толықтырып, аталмыш құрылысқа қаржы қыркүйек айында бөлінетінін мәлімдеді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ