ШҚО-да жаңбыр жауады

481
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел, бұршақ, оңтүстікте дауыл соғады.
Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында – шаңды дауыл.
Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Абай облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда.