ШҚО-да жел екпіні күшейеді

231
көрілім
Шартты фотосурет

Республикамыздың басым бөлігі жоғары қысым алқабы әсерінде болуына байланысты көбіне жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс және шығысында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік және батысында, Түркістан облысының тау асуларында, күндіз Қостанай облысының батыс және солтүстік-батысында тұман түседі.