ШҚО-да жел екпіні күшейеді

396
көрілім
Шартты фотосурет

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте көктайғақ болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

ШҚО-ның батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында, Алакөл көлдерінің ауданында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жел 15-22 м/с күшейеді деп болжануда.