ШҚО-да жел екпіні күшейеді

265
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түнде күші 23-28 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданындарында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжауда.