ШҚО-да жел екпіні күшейеді

249
көрілім
Шартты фотосурет

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республика аймағының барлық бөлігіне әсерін тигізеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек солтүстік-шығыс, шығыс бөліктерде ашық ауа райы сақталады. Қар, жаңбыр жауып, солтүстік өңірлерде бұрқасын күтіледі.

Синоптиктер болжамынша, республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстіктің тау асуларында қатты жел соғады. 

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел екпіні 15-23 м/с жетіп, облыстардың батыс жартысында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, облыстардың солтүстік-батысы, батысында қатты жел соғады деп болжануда.