ШҚО-да жемқорлыққа қарсы мониторинг түрлері түсіндірілді

308
көрілім

Осы жылдың 27 ақпанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин ANTIKOR ORTALYǴY-на сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларды анықтау бойынша 2019 жылғы жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындыларымен таныстырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жемқорлықтың алғышарттарын анықтау және жою екі алдын алу құралы – жемқорлық тәуекелдерін талдау және жемқорлыққа қарсы мониторинг арқылы жүзеге асырылады.

– Жемқорлыққа қарсы мониторинг жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алуда тиімді тетіктердің бірі және елімізде әзірленіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың нақты жағдайға сәйкестігін қамтамасыз ету тәсілі болып саналады, – дейді Жігер Байділдин.

Спикердің айтуынша, ақпан айының басында жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізудің жаңа ережелері күшіне енді және заңнамаға сәйкес, екі түрге бөлінген – кешенді және тақырыптық.

Кешенді мониторинг Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері тоқсан сайынғы негізде жүргізіледі және міндеттері: сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым бейім салаларды айқындау, мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауын талдау.

Заңнамаға мемлекеттік органдар басшыларын бағыныштылар тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға міндеттейтін норма енгізіліп, осы жұмысты орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктің белгіленгені баршамызға аян. Осы орайда кешенді жемқорлыққа қарсы мониторинг мемлекеттік органның алдын алу шараларын қабылдау үшін бағдар болуға тиіс.

– Жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг белгілі бір саладағы проблемалық мәселелерді зерттеуге, азаматтарымыздың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін «ауырсыну нүктелерін» анықтауға бағытталған, – дейді жауапты тұлға.

Анығы сол, мұндай тәсіл қоғамның толғандырған сұрақтарына дереу жауап бере отырып, қолды ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ салатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға қатысты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларымен толық көлемде үйлеседі.

– Жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жүргізу Агенттікке де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілеріне да бекітілген. Заңға сәйкес соңғылардың қатарына барлық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар жатады, – деп қосты Департамент басқарма басшысы Ренат Набиев.

Ал Жігер Байділдиннің сөзінше, кез келген ниет білдіруші, оның ішінде журналистер де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жүргізіп, оны тиісті шара қолдану, нақтырақ айтсақ, заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдау үшін ANTIKOR ORTALYǴY -на жүгіне алады.