ШҚО-да жол апаты болып, екі адам көз жұмды

42
көрілім
Фотосурет Azattyq-ruhy.kz сайтынан

Оқиға сәуір айының 10-ы күні, кешкі сағат 19.00 шамасында «Өскемен-Самар» автожолының 25-ші шақырымында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 ШҚО Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, «Лада Ларгус» және «Лада Гранта» маркалы көліктері соқтығысты.
- Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында қаза болып, үшеуі медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды.