ШҚО-да зираттар мен мал қорымдары су астында қалғаны жайлы ақпарат – жалған

97
көрілім
www.gov.kz сайтынан

Шығыс Қазақстан облысында зираттар мен мал қорымдары су астында қалғаны жайлы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кешелі бері әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстанда зираттар мен мал қорымдары су астында қалғаны, Ертіске ауылдардан аққан қызыл судың құйылғаны, соның салдарынан ішек аурулары жиілеп кеткендігі айтылып, халықты краннан су ішпеуге, тіс тазаламауға шақырған жазбалар тарауда.
Осыған орай ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жауап берді.
- Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Өңірде су басқан ауылдар, зираттар, мал қорымдары жоқ.  Шығыс Қазақстан облысының аумағында, оның ішінде Өскемен қаласында жіті ішек инфекцияларының өсу жағдайлары тіркелмеді. Осы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш бойынша ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық деңгейі 11,8%-ға төмендеген, - делінген ақпаратта.
Сәуір айының бірінші аптасында ішек инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2 жағдайға төмен.