ШҚО-дағы ауыл мектептерінің бірі «Starlink» ғаламтор желісіне қосылды

258
көрілім
Фото:kp.ru сайтынан

​Үлкен Нарын ауданындағы Сенное ауылының жалпы білім беру мектебіне «Starlink» спутниктік ғаламторы орнатылып, іске қосылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

​ШҚО Цифрландыру және мұрағаттар басқармасы өкілдері мәлімдегендей, биыл аймақтың 170 мектебіне аталған желіні орнату жоспарланған. Дегенмен ол мектептерге кейін толыққанды ғаламтор желісі жүргізілетін болады.
​«Starlink» қазірде сапасы жағынан алда тұрған желілердің бірі. Оның жылдамдығы 120 мбит/сжәне одан жоғары болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның іске қосу жолы да жылдам.