ШҚО-дағы әйелдер колониясында жартылай фабрикаттар өндіретін цех ашылды

878
көрілім

Облыста әйелдер колониясында тұшпара цехы ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Енді сотталғандар мұнда жұмысқа орналасып, сонымен қатар мерзімін өтеп шыққаннан кейін алынған алдағы өмірде кәдеге жарары сөзсіз. 156/21 мекемесінің цехында өндірілетін жартылай фабрикаттар Жарма ауданының шуақ, Жаңғызтөбе және Қалбатау кенттерінің тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі таңда цехта тұшпара, манты, вареник және жентектелген бұрыш (фаршированный перец) жасалады.

– Мекемеде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Әрине, бірінші кезекте, біз атқару парақтары және сот үкімімен тағайындалған жазалар бойынша талап-арыздары бар адамдарды жұмысқа орналастырамыз. Еңбекке орналастыру және талап-арыздарды өтеу оларға шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерді қарау кезінде көмектеседі. ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі (әрі қарай ҚАЖ) департаментінің барлық колонияларында жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары Мақсат Сейтахметов.

Жұмысты бастау өте оңай. Ол үшін санитарлық қызметтердің барлық талаптарына сәйкес келетін ғимарат тауып, қажетті жабдық сатып алу қажет, деп бөлісті жас кәсіпкер Берік Әбдікәрімов. - Біз өз өнімдерімізбен облыстың жақын аудандарына танылып, республика көлеміндегі нарыққа шығуды жоспарлап отырмыз. Өндірістің іске қосылуымен 10-нан астам сотталғандар жаңа тұшпара цехына жұмысқа орналастырылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстағы колонияларда 350-ден астам жұмыс орны ашылды.