ШҚО-дағы республикалық трассада көлік аударылып түсті

392
көрілім

Аталған жағдай ақпан айының 12-і күні «Өскемен-Алтай-Үлкен-Нарын-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» тасжолында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, жүргізуші жылдамдықты асырып жіберген.

- Lada Granta көлігінің иесі қатты жылдамдықта келе жатып, рөлді тізгіндей алмай аударылып кеткен, - дейді ШҚО полиция департаментіндегілер. – Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Айым ДҮЙСЕНБИНА