ШҚО-ның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

303
көрілім
Шартты фотосурет

Синоптиктер 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Еліміздің басым бөлігіне антициклон ықпалы әсер етіп, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Циклонның әсерінен елдің батысы, солтүстік-батысы және қиыр солтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр жаууы ықтимал.

ШҚО, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында күн райы ашық болғанымен кей жерлерінде тұман түсуі күтіледі. Одан бөлек, ШҚО және Қостанай облыстарының бірқатар өңірінде жел екпіні күшейіп, күн бұлттануы мүмкін.