ШҚО-ның Сібе көлдеріне жолаушылар автобусы қатынай бастамақ

958
көрілім
Фотосурет Infom.kz.
6 шілдеден бастап демалушылар үшін «Өскемен – Сібе көлдері» бағытындағы автобус маршруты іске қосылады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімі баспасөз қызметіне сүйене отырып.

Автобустар облыс орталығының автобекеті мен Ұлан ауданының аумағындағы Шалқар көлі (үшінші Сібе көлі) аралығында күнделікті қатынайтын болады. Өскеменнен шығу уақыты таңғы сағат 08:00, ал Сібе көлдерінен шығу уақыты кешкі сағат 18:00.

Қосымша ақпаратты 8 (723) 270 02 25, 8(7233) 827 159 телефондары арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасының Астана күнінде Шалқар көліндегі муниципалды жағажай туристерді қабылдауға дайын болады.