Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының арасындағы жолды су шайып кетті

152
көрілім
Фото: АО «НК «КазАвтоЖол»

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының арасындағы реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан республикалық маңызы бар жолды су шайып кетті деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі.

29 наурызда ресбпуликалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» тасжолының 1090-1092 шақырымын қызыл су шайып кетті. Бұл учаскеде реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан. Содан бері көлік жүргізушілері өте алмай, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының арасындағы қатынас қиындады.

1 сәуірде тасқын су тоқтап, жол жиектері мен беткейлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.

«Су басқан учаскенің ұзындығы 1000 метрді құрайды. Судың биіктігі – 15-тен 20 сантиметрге дейін. Алдағы уақытта еріген суды қауіпсіз ағызып, жол жамылғысын сақтауға мүмкіндік беретін 13 көпір өткелін орнату жоспарланып отыр. Осы көпірлердің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.