Шығыс Қазақстанда су тасқынын болжау жүйесі әзірленіп жатыр

104
көрілім

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынын болжау жүйесі әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жаңа жобаның мақсаты – өңірдегі су тасқыны жағдайын бақылаудың тиімділігін арттыру.  Аумақтарды су басуына мониторинг жүргізу мен болжауды қамтамасыз ету әдістерін қамтитын талдамалық жүйе әзірленбек. 
«Су тасқыны кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейі көтеріліп, ауылдарды, тұрғын үйлерді су басу қаупі туындайды. Сондықтан алдымызда маусымдық су тасқынын болжауға мүмкіндік беретін жүйе әзірлеу міндеті тұрды. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да жоғарыда аталған жобаны құру үшін өзен гидравликасы мен су басу аймақтарын модельдеуді, заманауи геоақпараттық жүйелерді, қауіпті объектілерді, инфрақұрылымды, мекемелерді, тұрғын үйлерді, рельефті және метеожағдайларды егжей-тегжейлі картографиялық байланыстыруды пайдаланған зерттеушілер тобы жасалды. Жұмыстар жалғасуда», - дейді Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының басшысы Руслан Четтікбаев.
ШҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Арман Наурызбаевтың айтуынша, ЖОО ғалымдарымен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылған. 
«Болашақта тәуекелдерді ескере отырып су тасқынының алдын алу мақсатындағы шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін технологияны дамытып, белсенді ынтымақтастық орнатамыз деген сенімдемін. Жүйені жақсарту үшін метеорологиялық деректерді іске қосуды жоспарланған», - деді ол.