Шығыс Қазақстанға Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы келді

494
көрілім

ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы жұмыс сапары аясында 2022 жылғы 5-6 мамырда ҚР Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелеріне барып, Мемлекеттік кірістер органдарының, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің және Қазынашылық департаментінің қызметкерлерімен кездесті.

 

Кеңес барысында ҚР ҚМ аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Министрлік қызметінің негізгі бағыттарының бірі – қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылатынын атап өтті.
Бұдан әрі ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов Қаржы министрлігінің аппарат басшысын Департаменттің 2022 жылдың 1 тоқсанындағы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратпен хабардар етті, сондай-ақ Департаменттің ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттерімен және басым бағыттарымен таныстырды.
 «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы шеңберінде Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаментінің директоры Данияр Ахметов және  ҚР ҚМ ММЖК Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Илдар Хасенов тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша күрделі мәселелер мен оларды шешу жолдары «Teamwork» форматында талқыланды.