Шығыс өңірінен Солтүстік Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберіледі

220
көрілім

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында еріктілер 2-3 күнде қажетті заттарды жинады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиналған көмек су тасқынынан зардап шеккен Петропавл қаласының елді мекендеріне жіберіледі. Барлығы 10 тоннадай қажетті деген заттар тиелген фура бүгін аттанбақ. Еріктілер, волонтерлер, кәсіпкерлер акция аясында барынша көмек көрсетуде.
- Елімізде болып жатқан жайдайларға бей-жай қарап отыра алмадық. Қазақстан халқы Ассамблеясы жұртқа үндеу салып, барынша көмек көрсетуге шақырды. Жақсылық жасау – әр адамның ізгі әрекеті. Біз Солтүстік Қазақстанға жіберілетін көмекпен қатар ыстық ықыласымызды да жібермекпіз, - деді ҚХА өкілі Анжелика Шабданбекова.


Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубекұлы республикалық қорға ақша жіберілетіндігін мәлімдеді.
- Ауыр жағдайға байланысты тұрғындар жиналып, көмек көрсетуге барынша атсалысып жатыр. Біреулер аяқ киім, біреулер азық-түлікпен, кейбіреулер гигиеналық заттар алып келді. Аз ғана күнде жиналған дүние болғандықтан ақшалай көмегімізді де қостық. Этно мәдени бірлестігінің жинаған қаражаты 500 мың теңге көлемінде. Облыстың әр ауданынан көмек болды. Біз біртұтас елміз сондықтан қазіргі мақсатымыз – жұмылып жұмыс атқару, - деді ол.
Топан судан зардап шеккен отандастарымызға көмектесеміз деп студенттер де жанталасты. Олар барлық азық түлікті жүк көлігіне тиеп, алыс жолға қатынайтын жүргізушінің жұмысын біраз жеңілдетті.

Валентина ГЕОРГИЕВНА