Смартфондағы ХҚКО: мобильді қосымша маңызды құжаттарды рәсімдеуге қалай көмектеседі

122
көрілім

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы «ХҚКО» мобильді қосымшасының бейнеқоңырау арқылы маңызды құжаттарды рәсімдеу жолдарын айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға да болады. Жалпы, қосымшаның қызметі бірнеше сервистен тұрады. Клиент ХҚКО-ға кезекке тапсырыс беруге және QR-кодтың көмегімен талон ала алады. Бұдан бөлек, ХҚКО-лардың жұмыс уақыты мен мекенжайларын біліп, қажетті байланыс ақпаратын таба алады.

- Жұмыс принципі қарапайым, қызмет алушы оператормен бейнеқоңырау арқылы байланысады, ал қажетті құжаттарды мессенджерлерде хат алмасу кезіндегідей жібереді. Қосымшаны пайдалану үшін Биометрия және мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі арқылы кіру қажет. «ХҚКО» мобильді қосымшасын PlayMarket және AppStore - дан жүктеуге болады, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы өкілдері.

Айта кетейік, жыл басынан бері филиал 2759 қоңырау қабылдап, ЭЦҚ алуға 1952 өтінім растады.