Соғылды соңғы қоңырау: ШҚО-да 9 мыңнан аса оқушы мектеп бітірді

1163
көрілім

Шығыс Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі 600-ден мектепте 9077 оқушы 11-сыныпты аяқтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Өңірдің өзге білім ордаларымен бірге Өскемен қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің де оқушылары бүгін салтанатты шараға қатысты. Аталған білім ордасына осы жылы ғана Шоқан Уәлихановтың аты берілген болатын.

Өскемен қаласындағы 9 қазақ мектебінің ішіндегі іргелі білім ордаларының бірі саналатын мектеп-лицейден бүгін 68 оқушы түлеп ұшты. Түлектердің арасында АҚШ-қа халықаралық білім сайысында топ жарған бір оқушы, оқушылар арасындағы спорттық сайыстан Азия чемпионы атанған тағы бір спортшы өрен бар. Салтанатты шарада мақтаулы оқушылар мектеп директорының қолынан марапат алды.