Тасқынмен күреске 25 мыңнан астам ерікті жұмылдырылды

436
көрілім
Фото: nur.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде еріктілердің тасқынмен күреске қалай үлес қосып жатқаны туралы мәлімет ұсынылды, деді Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық волонтерлік желі» мемлекеттік органдармен іс-қимыл бөлімінің басшысы Айбек Досымбетов еріктілердің атсалысуымен Қазақстанның түкпір-түкпірінен 550 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналғанын айтады.

«Бүгінге дейін республика бойынша 550 тоннадан астам көмек жиналды. Оның 370 тоннаға жуығы зардап шеккендерге жеткізілді», - деді ол.

Ал «Ұлттық еріктілер желісінің» халықаралық ынтымақтастық және волонтерлік бастамаларды дамыту бөлімінің басшысы Гүлжәмилә Қамарованың айтуынша, тасқынмен күреске республика бойынша 25 мыңнан астам ерікті жұмылдырылғанын атап өтті.

«Еріктілер гуманитарлық көмекті жинап сұрыптаудан бөлек, тасқынмен күресіп жүрген мамандарға ыстық тамақ әзірлеуге көмектесіп жүр. Еріктілердің бір бөлігі аулаларды қардан аршып, халықтың бірінші кезектегі қажетті заттармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге атсалысып жатыр. Тасқын қаупі бар аймақтарда жалғызілікті және егде жастағы адамдардың күтіміне көмектесуде», - деді ол.