Тайландтық "Супреме" волейбол командасы Азия чемпионы атанды

733
көрілім
Шығыстың бас шаһарында тұңғыш рет ұйымдастырылған волейболдан қыздар арасындағы Азия чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті. Сайыс қорытындысы бойынша Тайланд елінен келген «Супреме» волейбол клубы Азияның үздігі атанды.

Финалдық бәсекеде «Супреме» командасы «Хисамицу Сеяку Спрингс» (Жапония) қыздарымен кездесті. Волейболшылар жеңіс жалауын иемдену үшін барын салды. Тартысты өткен сайыстың соңғы ойыны 3:1 есебімен тайландтықтардың пайдасына аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, Азия Чемпионаты 25 мамыр күні басталған. Дүбірлі додада ел намысын қорғаған «Алтай» волейбол командасы 4 орынды иеленген болатын.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ