Тегін тексерілесіз!

261
көрілім

20 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық Онкологиялық диспансер әйел адамдар үшін «Ашық есік» күні өткізеді.

«Ашық есік» күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін Серікбаев көшесі, 1 мекенжайы бойынша облыстық онкологиялық диспансер емханасында өткізілмек.

Осы уақыт аралығында әйелдер медициналық мекеменің маммолог-дәрігерлерінің қарауына учаскелік дәрігерден жолдама алмай-ақ бара алады.

Байланыс телефондары: 70-59-76, 74-26-98, 70-59-22, 74-28-35.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ