Теңге бағамы нығайды

510
көрілім
Фотосурет - lada.kz сайтынан.

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, — деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 330,7 теңгеге тең болды. Еске салайық, биыл 4 тамыздан бері доллар бағамы 332 теңге деңгейінде болған. Кейін ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізінде 10,25 пайызға төмендеткеннен кейін 333,70 теңгеге дейін әлсіреген еді.

24 тамыздағы таңғы сауданың бірінші келісімі 330,70 теңгемен жасалды. Минималдық құны — 329,70. Максималдық құны — 333, ал соңғысы долларына — 331,80 теңге. Сауда көлемі 190,8 миллион доллар болды.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 331-333 аралығында.