Теңге нығайып келеді

563
көрілім

KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 310,37 теңгеге тең болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 22 мамырдағы күндізгі сессия бойынша валюта бағамы долларына 310,59 теңге болған еді. 23 мамырдағы күндізгі сауданың бірінші келісімі 310,4 теңгемен жасалды. Минималдық құны — 310,15 теңге, ал максималдық құны 310,8 теңге болды. Сауда көлемі 171,5 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 310,3-311,5 теңгеге бағаланып отыр. Астана уақыты бойынша сағат 10.47-де Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 53,64 доллар болды.