Тәуелсіздікке 30 жыл

457
көрілім

Жер бетіндегі қазақ елін білетін, қазақ тілін сүйетін әр бір жан Тәуелсіз Қазақстан дегенде  жүрегі елең етіп, бойы толқынды сезімге бөленетіні анық. 1991 жылы 16 желтоқсаның таңында  ең бірінші  Тәуелсіз мемлекетімізге  яғни Тәуелсіз Қазақстан Республикасы  деген атқа ие болдық, әлемге жар салдық. Тәуелсіздік таңы  біздің мемлекетімізге  еркінде азат ел болып, жас баладай аяққа тік тұрып,алға қадам жасауды үйретті.1991 жыл 16 желтоқсаннан бастап мемлекетіміздің қай саласында болса да жаңа серпіліспен жаңа күш-қуатпен қайтадан құрылуға жол ашылды. Еліміздегі көш басшыларға да оңай соқан жоқ,   дұрыс  әділ шешім қабылдап елімізді аяққа нық тұрғызудың жолын табу. Заң саласында да қайтадан жаңару мен құрылу басталып кеті. 1995 жылы  30 тамызда  республикалық референдумда Қазақстан Республикасының  ата заңы Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған күні тағы бір ұлы іске қол жеткізіп еңсеміз көтеріле түсті. 2007 жылы 4 маусымда  «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздері туралы» Коституциялық  Заң қабылданды, Мемлекеттік рәміздер Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ажырамас белгісі екенін атап Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осы күнді рәміздер күні екенін жариялаған сәтте тағыда бір мәрте биіктей түстік.Көк аспанда көк туымыз желбіреп, қазақтың кең дархан даласында ән ұранымыз күңіреңгенде әр қазақтың бойында потриотизмге деген сезімі оянатыны шындық. Міне бүгінгі 2021 жылдың 16 желтоқсанында  Тәулсіз Қазақстаның 30 жылдық таңын қарсы аламыз. Аз емес, көп те емес осы 30 жылдың ішінде сот саласындада көптеген жоспарлар іске асты. Соттарда азаматтық,қылмыстық, әкімшілік істер бір сотта яғни жалпы юрисдикция ретінде қаралатын, кейінен категорияларға бөлініп әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты және мамандандырылған ауданаралық экономкалық соты ашылды. Әр бір ашылған  соттарда өз ісін жеттік зертеп, тыңғылықты,тиянақты қарайтын тәжірибелі судьялар өз істерінің шеберлері. Осы 30 жылдың ішінде Өскемен қалалық сотыда дамып өркендеуден тайынған жоқ. Заманымыздың ағымына қарай соттағы қаралатын істердің сот процесстері  мобильді интернет жүйесі арқылы  дыбыс - бейне жазба арқылы жүргізілетін болды. Бір сыпыра істер дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім бекітіп шешілетін деңгейге жетті.Тәуелсіз мемлекетімізде дамып өркендеп  әлемдік қоғамдастық пен  дүние жүзінің  дамыған озық мемлекеттерімен тәжірибе алмасып қарым-қатынас жасау деңгейіне жетуі  ащы тер мен табанды еңбектің жемісі мен жетістігі.Тәуелсіздік бізге  оңай жолмен келген жоқ, қаншама қан төгіс пен жастардың жас өмірін қию арқылы, солардың ұлтым-тілім деген намыстылығының, жігерлігінің өздерін құрбан етулерінің арқасында мойындатты. Ата-бабаларымыздан жеткен ұлан ғайыр жерімізді Тәуелсіз Қазақстан Республикасы атандырып бүкіл әлемге таныты. Тәуелсіздік,ол біздің баға жетпес асыл құндылығымыздың алтын арқауы. Басымызға қонған бақ, осы бақытты бағалап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу әрқайсымызға аманат. Тәуелсіздігіміз мәңгі, еңсесі биік, тұғыры мықты, мәртебесі үстем болсын!        
                                                                             

Өскемен қалалық сотының бас маман Балгабаева К.М.