Төмен дозалы КТ жайлы маман пікірі

356
көрілім

Қатерлі ісік көбінесе өкпеден тыс таралған кезде және аурудың белгілері пайда болған кезде анықталады.

Егер ісік ертерек анықталған жағдайда пациентке скринингтің көмегімен емделуге мүмкіндік бар.
Торакалды онкохирург Қанат Қамзиннің айтуынша, өкпе ауруларын диагностикалауда флюорография мен рентгенография аса сұранысқа ие. Бірақ олар өкпенің қатерлі ісігінен болатын өлім-жітімнің төмендеуіне әсер етпейді және бұған ғылыми дәлелдер де бар.

«Компьютерлік томография-зерттеудің ең егжей-тегжейлі әдісі. Алайда, оның бағасы қолжетімді деуге келмейді. Ал КТ қандай жағдайда қолданылады? КТ тек белгілі бір симптоматиканың болуы және дәрігердің басқа зерттеулердің нәтижелерін зерттеу кезінде туындаған күдіктерді нақтылау, растау немесе жоққа шығару себептері болған кезде ғана мақсатында қолданылады», - дейді онкохирург Қанат Камзин.

Сондай-ақ, спикер мазасыздық белгілері болмаған кезде скринингке қолайлы басқа әдісті қолдану қажет екенін атап өтті.

«Бұл өзгертілген хаттама бойынша орындалатын төмен дозалы компьютерлік томография (NDCT). Сәулелік жүктеме дозасының төмендеуі жабдықтың жұмыс параметрлерінің өзгеруіне байланысты – ток күші мен кернеу, сондай-ақ пациенттің айналасындағы түтіктің айналу уақыты. NDCT-дегі сәуле әдеттегі компьютерлік томографияға қарағанда әлсіз болса да, өкпенің анық, сапалы көрінеді. Біздің онкологиялық орталықта дәрігердің жолдамасынсыз дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін Потанин, 6, мекен-жайында орналасқан сәулелік диагностика корпусы өкпе обырына скрининг жүргізіледі. Өзіңізбен бірге міндетті түрде жеке куәлігіңіз болсы жеткілікті. Іріктеу критерийлеріне сай келетін барлық адамдар осы процедурадан өте алады», - дейді Қанат Қамзин.
Зерттеудің осы түрінен өту үшін іріктеу критерийлері туралы айта кету керек:
1) 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер.
2) асимптоматикалық тұлғалар.
3) бұрынғы темекі шегушілер, қазіргі уақытта темекі шегетін адамдар.
Қандай топтар осы зерттеу үшін қолайлы емес:
1) өкпе обырымен 5 жылдан кем есепте тұрған және емдеу сатысында тұрған пациенттер
2) басқа онкологиялық аурулар.
3) компьютерлік томографиядан 1 жыл бұрын өткен адамдар.