Түз тағысы тағы келді

407
көрілім

Облыс орталығының Жібек маталар комбинаты ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің жанындағы көлік тұрағына дала қояны қоныстанып алған.

- Кеше кешкісін көлігімді тұрақтатып жатып жол шетінде шоқиып отырған кішкентай аңды байқап қалдым, - дейді Олег есімді облыс орталығының тұрғыны. - Бастапқыда оны мысық екен деп ойлап, үңіліп қарасам қоян екен.

Мамандар түз тағысының қала ішіне адасып кіріп кетуі мүмкін екенін айтады.

- Бұл жыртқыш аңдарға тез жем болатын түз тағысы, сондықтан олар өте сақ жүреді. Оның адамдар тұрағына келуі кездейсоқ болуы мүмкін, - дейді облыстық мұражай-қорықтың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Сергей Стариков.

Ерлен ОСМАНОВ