Ұлан ауданында 10 қасқыр атылды

593
көрілім

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы ақпанның 18-і күні түз тағыларын бақылауға алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, жуырда Ұлан ауданының Жоғарғы Тайынты ауылында қасқырлар малға шауып, тұрғындардың үрейін алған болатын. Сайт тілшісі аудан әкімі сұраухат жіберіп, жауапты тұлғалар құзырлы органдармен бірлесе жағдайды бақылауға алатындықтарын жеткізген еді. Белгілі болғандай, кеше Алғабас ауылы маңында 6, Жоғарғы Тайынты ауылының аумағында төрт қасқыр атылған. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрхат Садықов шаралар әлі де жалғасатынын жеткізді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ