Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде екі тұрғын үй салынады

354
көрілім

Ағымдағы жылы Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде екі тұрғын үй салынады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Республикалық бюджеттен пайдалануға берілуі биылғы жылға жоспарланған Қасым Қайсенов кентінде 40 пәтерлік екі (А және Б корпусы) тұрғын үйдің құрылысы басталды.

- Қасым Қайсенов кентінде 80 пәтерлі тұрғын үй құрлысы нысаны бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, - деп хабарлады аудан әкімдігі. - Аталған нысан бойынша құрылыстың аяқталу мерзімі - 2021 жыл.

Сонымен қатар әкімдіктегілер «Тарғын ауылындағы сумен жабдықтау желілері мен имарат құрылысын салу» нысандарының құрылысы жүріп жатқанын да айтып өтті.