Үлкен Нарын ауданындағы жағдай бақылауда

133
көрілім

Үлкен Нарын ауданында жауын және еріген қар салдарынан 21 үйдің аумағына су кірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазірде ауылдарда жергілікті атқарушы билік өкілдері, әскери бөлім қызметкерлері, ұзын-саны 92 адам және 16 техника жұмылдырылған. Су алған учаскелерден мотопомпалар арқылы су шығарылып, бөгеттер жасалды.

- Жұмыстар тәулік бойы жүргізілмек. Жаңа Хайрузовка, Көкбастау, Жұлдыз ауылдарына еріген қар суын жеткізбей, арнасы қауіпсіз жерге бұрылды. Жергілікті атқарушы билік, Төтенше жағдай департаменті өкілдері әскери бөлім қызметкерлерімен тізе қосып жұмыс істеуде. Жағдай толықтай бақылауда, - деді Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы Елдос Байрахметов.

Ауылдарда арықтарды тазалау және кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

- Халықты уақытша орналастыру үшін 190 орын әзірленді. Жиналған суды шығару үшін арықтың іші кеңейтілуде - деді ШҚО ТЖ Департаменті басшысының орынбасары Кенжебекұлы Қуатбек

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі