Ұлыбритания премьері коронавирспен ауруханаға түсті

379
көрілім

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жексенбі күні ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін оның инфекция жұқтырғаны хабарланған еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Baq.kz ке сілтеме жасап.

Үкімет басшысының канцеляриясы таратқан мәліметте, бұл сақтық шаралары үшін жасалғаны айтылады. Осыдан он күн бұрын премьер-министр коронавирусқа қарсы тест жасатып, ол оң нәтиже көрсеткен. 

Кейбір ақпарат көздері оны қолдан демалдыру аппаратына жатқызылатынын хабарлауда. 

Борис Джонсонның жүкті қалыңдығы Керри Саймондста инфекция жұқтырған. Сондай-ақ Уэльстік Чарльз ханзада мен Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок та коронавирус жұқтырып, қазір жазылған.
Соңғы мәлімет бойынша, Ұлыбританияда қауіпті індеттен өлгендер саны бес мыңға жеткен, барлығы 48 мыңдай адам жұқтырған.