Үйін тастап, уақытша көшірілгендер саны 111 мыңнан асты

476
көрілім
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш тасқын салдарынан үйін тастап шыққан 11 950 адамның баспанасына қайтқанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinfrom сайтына сілтеме жасап.

«Су тасқыны басталғаннан бері 111 194 адам, оның ішінде 39 222 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктерінде 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналасқан. 11 950 адам үйіне оралды», - деді ол.

Ерасыл Сайпаштың сөзінше, 9 млн 500 мыңнан астам текше метр қар суы сорып шығарылған. 

«Сондай-ақ, 2 млн 200 мың қап, 1 млн 200 тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық құтқару жұмыстарында 33 334 адам, 4 066 техника, оның ішінде 835 су соратын құрал, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмыс істеп жатыр», - деді ТЖМ өкілі.