Зайсанда коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан зейнеткер жауапқа тартылды

3951
көрілім
Шартты фотосурет

Зайсан қаласының тұрғыны COVID-19 вирусы жайлы шындыққа жанаспайтын мәлімет таратқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зайсан қаласында 60 жастағы әйел адам WatsАpp мессенджері арқылы өзінің жұқпалы дертке шалдыққаны жайлы жалған хабарламалар жазған.

– Осылайша ол дүрбелең туғызып, халық арасында дақпырт сөздердің таралуына түрткі болды. Зейнеткерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 478-бабы 1-бөлігімен 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған. Сонымен қатар тәртіп сақшылары рейд барысында төтенше жағдай кезіндегі жұмыс уақытына қатысты шектеулерді сақтамаған кәсіпкерді анықтады. 52 жастағы дәмхана иесі 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.