Зейнетке ерте шыға алам ба?

423
көрілім
2019 жылы зейнет жасына толамын (58 жас). 2018 жылы еңбек өтілім 40 жыл болады. Зейнет жасына алты ай қосылады деп жатыр ғой. Осы алты айсыз зейнетке ерте шығуға мүмкіндігім бар ма?
Рахымбаева Күміс, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылы
Сіздің сауалыңызға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ШҚО бойынша Департаменті басшысы Б. Сатеков жауап берді:
«ҚР зейнетақымен қамсыздандандыру туралы» 2013-жылғы 21-маусымдағы № 105-V Заңының 11 бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2001 жылғы 1 шілдеден бастап ер адамдарға 63 жасқа толғанда, әйел адамдарға 58 жасқа толғанда тағайындалады. Әйел адамдарға жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа, 2019 жылы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанда, т.с.с. жүргізіледі.
5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйел адамдардың 53 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.