Жаңа жылда неше күн демаламыз?

912
көрілім
Биылғы жылы қазақстандықтар жаңа жылда 4 күн демалады. Жаңа 2018 жылды жексенбісінен дүйсенбісіне қараған түні қарсы алады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жаңа жылдық демалыс – төрт күн. Атап айтқанда, 2017 жылдың 30 – 31 желтоқсанынан (сенбі және жексенбі) және 2018 жылдың 1-2 қаңтарына (дүйсенбі және сейсенбі) созылады.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні және Тәуелсіздік күні мерекелері аталып өтіледі. Осыған байланысты адамдар қосымша үш күн демалуға мүмкіндік алады.