Жарма ауданында жаңадан спорт кешені салынуда

880
көрілім

Жуықта аудан әкімі А. Нұрғожин жұмыс сапарымен Шар қаласында болып, жаңадан бой көтеріп жатқан спорт кешені құрылысы барысымен танысты. Қала жұртшылығы бұл нысанның бой көтеруін көптен күткен еді. Биыл осы құрылысқа аудандық бюджет есебінен жалпы құны 245 млн. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «Құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы өз жауапкершілігіне алған болатын, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бүгінде кешеннің аумағын толықтай тазартылып, құрылыс жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жалпы жұмыс жоспарына сәйкес нысан келер жылдың тамыз айында қолданысқа берілетін болады.

Осы сапар барысында аудан әкімі Шар қалалық ішкі істер бөлімінің жұмысымен де танысты. Жеке құрамы 38 қызметкерден тұратын бұл бөлім қоғамдық тәртіп пен қылмыстылықтың алдын алу жұмыстарына жауапты. Таяуда бөлім басшылығына жаңадан Ержан Ахмеджанов тағайындалған болатын. Бөлім жалпы материалдық-техникалық жағдайына айырықша назар аударылған. Аудан әкімі бөлімнің жаңа басшысымен алдағы жұмыс жоспарын талқылады.