Жас кәсіпкерлермен кездесті

3557
көрілім

Nur Otan партиясының Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мамырбек Қарашев пен оның сенімді өкілдері және белсенді жастар аудандағы жас кәсіпкерлермен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Мамырбек Бақтығазыұлы Nur Otan партиясының алдағы 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, жас кәсіпкерлерге арналған гранттар жайында атап айтты. 
Жастар өз кезегінде кәсіп ашуда кездескен қиындықтарымен бөлісті. Кәсіпкерлікті қолдауда берілетін мемлекеттік бағдарламалар жайында берген кеңестері үшін үміткерге және штаб мүшелеріне ризашылықтарын білдірді.

Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлау алды штабының қорынан төленді